Зауыт жұмысшыларының ынтымақты ұжымы – өнеркәсіптің тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамассыз етеді. Жоғары білікті инженерлер мен жауапты орындаушылардың қоспасы жаңа технологиялар мен үздік жобалардың қиын сұрақтарын, өндірістің қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздіктің жауапты сұрақтарын игеруге көмектесетін өндірістің сенімді іргетасы болып саналады. Қызметкерлер құрамының тұрақты өркендеуі үшін жас және келешегі бар мамандардың ағыны қажет. Кәсіпорында өндірістік іс-тәжірибе өткен студент бітірушілер арасынан құралған кадрлық резервтің қалыптасуы мен, сондай-ақ, жұмысшылардың келешекте кәсіптік дамуына «ЕЭМЗ» ЖШС мүдделі. Кәсіпорында іске асатын дайындық жүйесі мен қызметкерлер құрамын қайта даярлау сәйкес біліктілікті қамтамассыз етеді.
«ЕЭМЗ» ЖШС-ның еңбек уәждеуі жұмыскерлерге сыйлық беру қағидасында көрсетілген. Бұл жұмыскерлердің материалдық мүдделігін күшейту мақсатында, сондай-ақ, кәсіпорынның қызмет нәтижесін жоғарлату, сапалы ремонт, кірістің өсуі, тиімділікті жоғарлату, еңбек өнімділігінің өсуі, жұмысшылардың еңбек тәртібінің күшейтуі мен қадағалауда жоғары жауапкершілікпен қарау мақсатында енгізілді.
Кәсіпорын қызметкерлеріне жағдай жасауда қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелерге толық сәйкес келетін және қажетті ұйымдасқан және техникалық жабдықтармен жабдықталған қолайлы жұмыс орындары қарастырылды. Барлық талаптарға толық сәйкес келетін керекті санитарлық-тұрмыстық жайлар бар. Жұмыс орындарына аттестация өткізілді.
Ұжым потенциалының әсерлі менеджмент пен рольдерді дұрыс түсіну, сондай-ақ, өндірістегі сапа менеджменті жүйесінің маңыздарымен үйлесуі тапсырысшыға жоғары сапалы жұмыс пен өнімнің уақытында тапсырылуына кепіл бере алады.